Әр түрлі

«Халық банкі» халыққа қызмет көрсету сапасын жетілдіруде

   

 

 

 

 “Қазақстан Халық Банкі” АҚ Қызылжар ауданындағы басқармасының қайта қалпына келтірілген  ғимаратының ашылуы бескөлдіктер үшін маңызды да, жағымды жаңалық болды. Жаңарту жұмыстары 4 ай бойы жүргізілген. Ал елді мекен тұрғындарының көп бөлігі осы банктің қызметін пайдаланады.  87 жылдық тарихы бар қаржы институты ұтымды жобаларымен, сапалы кеңесімен, жылдам әрі тиімді қызметімен сенімге ие болды. Қазір ол еліміздің қаржы нарығына мықтап бекіген алдыңғы қатарлы банктің бірі.

  Жомарт Қажрақымов, ҚР Ұлттық банкі СҚОФ директоры:
-Депозитті жинауда, басқа да карточкалық қызмет көрсетуде әсіресе біздің облыста «Халық банкінің» көрсеткіші өте жоғары. Несие 20% , депозиттер 22% өсіп отыр. Карточка қызметінің көрсеткіші 60% асып отыр.

Таспа кесілген соң қонақтар жаңа кейіпке енген нысанның ішін аралап, өзгерістерге оң бағаларын беріп жатты. Ғимарат толығымен қалпына келтіріліпті. Тар кабинеттер заман талабына сай жабдықталып, кеңейтілген. Қаржы институты клиентерге банк жүйесіндегі барлық қызметті ұсынып отыр. Қаражатын сеніп тапсыратын салымшылар мен ақша аударымдарын жүргізетін клиенттерге ыңғайлы жағдай жасалған. Қызылжар ауданының өзінде 66 заңды тұлға мен кәсіпкерлер, 9 мың жеке тұлға осы банктің қызметіне жүгінеді екен.

 Қайырбек Нұралин, “Жігер” МКК директоры:
-Біздің мекеме ақша бойынша қызметтерді бәрін осыннан аламыз. Өзіміздің шотымыз бар. Жұмыстары жақсы, керек ақшаны уақытында аламыз. Бұрын тар болатын, қазір заманға қарай өзгеріп, жақсы болды.

Халық банкі қызметін тұтынушылардың басым бөлігі – зейнеткерлер.

 Раиса Мәлікова, зейнеткер:

-Ұзын кезекте тұратынбыз. Пенсия алуға келдім. Қазір сондай қуаныштымыз, осындай зал ашқанына.
-Жамбыл Сартаев, зейнеткер:

– Жасағандары өте ұнамды, кең, жүрегі қысып қалған адамдар да болушы еді. Қазір кезекте итеріс те жоқ.

Жаңарған ғимаратта жұмыс істеу банк қызметкерлері үшін де қолайлы.

Динара Ғаббасова, “Қазақстан Халық Банкі” АҚ Қызылжар ауданы басқармасының бақылаушы-кассирі:
– Күрделі жөндеуден кейін банк қызметкерлеріне де, тұтынушыларға да тиімді жағдайлар жасалды. Бұдан кейін жұмыс істеу өте тиімді. Қызметімізге деген сұраныс та артқанын байқадық .

Алдыңғы қатарлы банк бөлімшесінің  бастамасын өзге аудандар да жалғастырып жатқан көрінеді. Елді мекендердегі екінші деңгейлі банк бөлімшелерінің 40 пайызы “Халық Банкінің”  үлесінде.

  Асқар Ибраимов, “Қазақстан Халық Банкі” АҚ СҚОФ директоры:
 -Біз сондай-ақ М Жұмабаев, Ғ. Мүсрепов, Уәлиханов, Шал ақын аудандарындағы басқармаларда да  ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізіп,  дәл осындай жаңарту жұмыстарын жасап жатырмыз. Жаңа жылға дейін оларды да қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз. Бұл істер клиентерімізге қолайлы жағдайлар туғызу үшін атқарылуда. Есігіміз әрдайым ашық.

Банк сондай-ақ биылдан тұтынушылар қатарын арттыру мақсатында 3 жылға жоспарланған стратегиялық бағдарламаны қолға алған. Бұл жоба клиеттерге қаржы институты қызметінің бар мүмкіндіктерін ұсынып, барынша қолдау көрсетуге бағытталған
 Жеңіс Ермұқанов