Әр түрлі

Азаматтық хал актілері уақтылы берілуі керек

 

 

 

 ҚР заңына сәйкес дүниеге келген әр балаға екі ай ішінде тууы туралы куәлік рәсімделуі тиіс. Осы мерзімде тиісті құжат дайын болмаса, ата-ана мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыларды және медициналық көмекті ала алмайды. Жиынға қатысқан тиісті органдар өкілдері Петропавлда бұл мәселеге қатысты келеңсіздіктер жоқ дейді.

  Ерік Есентаев, қалалық әділет басқармасының бастығы:
– 2010 жылғы сәуірдің 1-де меморандум қабылданды. Соған сәйкес барлық азаматтар тууы туралы куәлік алулары тиіс. Жұмыс кезінде соған қатысты қиындықтар туындамас үшін біз бүгін мәжіліс өткізіп отырмыз.

Жаңа туған нәресте тастанды болса, не анасының тұрақты мекен-жайы болмаса, не істемек керек. Бұл кішкентай азаматтарды тіркеу барысында жиі туындайтын сұрақтардың бірі. Оны шешу жолын денсаулық сақтау, әділет басқармасы, перинаталдық орталық өкілдері бірлесіп іздеді. Себебі куәлік алар кезде Қазақстан азаматтары осы органдардың бәріне бірдей жүгінеді.

 Светлана Кашенцева, қалалық әйелдер консультациясының бас дәрігері :
-Меморандумға сәйкес әйелдер консультацияға жеке бас куәлігінсіз келсе, біз оларды тіркеуге алуға тиістіміз.Одан кейін бұл мәселені шешу үшін сол тізімді әділет департаментіне жібереміз.

Семинарда туғандармен қатар қайтыс болғандардың  да азаматтық хал актілерін уақтылы тіркеуді қамтамасыз ету мәселесі қаралып, нақты шешімдер қабылданды.

 Кәусар Аяпбергенқызы