ТКШ

Айлық барысында қала көркейіп қалды

 

 

 Бір айдың ішінде қалада көп істің басы қайырылды. Абаттандыру жұмыстары өз мәресіне жетуге таяу. Шара нәтижесінде 20 ықшам ауданда көптеген аулалар жаңарып қалды. Победа көшесіндегі 3-ші үйдің ауласында жаңа ойын алаңы жабдықталып, 10-нан астам көшеттер отырғызылды.

  Қайырлы Едіресов,  облыстық мәслихат хатшысы:
-Елбасымыз қаламызды, ауламызды көріктендірейік деген үндеуін халыққа тастаған болатын.
Біздің облыстық депутаттар ондай ұсынысқа білек сыбана кірісіп кетті. Абаттандыру жұмыстары осы қалпы қалып қоймайды. Жаңа жылға қарай қардан сырғанақтар жасаймыз деген ойымыз бар.

Бұрындары 220 пәтерлі үй ауласы бос қаңырап тұратын. Бұл  үйде тұратын  жеткіншектер  ойнау үшін осы маңайдағы мектеп ауласына  баратын.  Енді балдырғандардың  өз шағын футбол алаңы, әр түрлі әткеншектері бар.  

  Лера Фесяк:
Маған өте ұнайды. Әткеншектер әкелінген соң ойнау да қызықтырақ болды.
  Кирилл Фесяк:
Бұрындары аула бос болатын. Ал қазір достарымызбен жиналып ойнаймыз.

Украинская көшесіндегі 234-ші үйде жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Жұмысшы кентінің шетінде  атқарылған істер өз алдына бір төбе. Батпақты аймаққа тас жол төселіп, қоршаулар салынған. Ал аулалардағы ойын алаңдары жаңа әткеншектермен толыққан. Үй шаруашылығына қажет киім кептіргіштер тартылып, қоқыс жәшіктері де әкелініпті. Тұрғындар мұндай оң өзгеріске дән риза.

  Любовь Майгурова:
 -Біздің маңайымыз саз болып жататын.
Қоқыс шығарып келейін десең, аяқ баса алмайтынсың. Ол үшін резеңке етік киетінбіз. Ал енді өздеріңіз көріп тұрғандай айнала жарқырап тұр.

Владимир Самохвалов:
-Мен үй алдында отырып, таза ауа жұтқанды жақсы көремін.
Сондықтан үй алдына қолдан орындық жасап қойған едім. Абаттандыру жұмыстарынан кейін оны жаңасына ауыстырып берді.

Қалада 13 гүлзар жаңартылып, ағаштар егіліп жатыр,  тұрғындар демалып отыратын орындықтар орнатылып, мүсіндермен безендірілуде.  Бұл жұмыстар қазанның 18-не дейін аяқталуы тиіс.  
 

Гүлден Сәрсенбаева