Әр түрлі

Қазанның 14-і – Бүкіләлемдік стандарттар күні

 Соңғы жылдары стандарт дегенді жиі естиміз. Яғни әр заттың, қызметтің белгілі стандарты бар. Осының арқасында өмір сүру қолайлы болмақ. Стандарт әр саланы қамтиды.

Мемлекеттік органдар, шағын және орта бизнес өкілдері жиналған дөңгелек үстелде стандарттау мен сертификаттау институтының мамандары еліміздегі стандарттау саласындағы жаңа нормативтік талаптармен таныстырды.

 

 

  Ләззат Кенжетаева, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Солтүстік Қазақстан өкілдігінің жетекшісі:

-Біз кәсіпкерлерді әлемдік нарыққа шығу үшін халықаралық стандарттарды сақтауға шақырып отырмыз. Яғни  біздің институт кәсіпкерлерге ішкі нарықта ғана емес, әлемдік саудада бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі.

Ал стандарт талаптары көбейген сайын сапа да артады. Тұтынушы сапалы өнім мен қызметке қол жеткізеді. Осы талаптардың арқасында адам құқығын қорғау да әлдеқайда жеңілірек.

  Бейбіт Әбілев, СҚО бойынша техникалық реттеу және метрология департаменті бастығының орынбасары:

– Дүниежүзілік есептер бойынша қарт адамдар, мүгедектер көбейген. Соларға көңіл бөлу керек.

Яғни  стандарттар баршаға ортақ болуы керек. Сау адам баратын театрда, дүкенде, кез-келген нысанда мүгедек адам кіріп-шығатындай жағдай жасалуы тиіс.

 Әсем Сембина