Спорт

Шахматшылар спартакиадасы

 

 

 

 

 Мұндай спартакиадалар Петропавлда көптен бері  өткізіліп келеді. Осы жолғы 4 күндік турнирге қаладағы 26 мектептің оқушылары жиналды.

  Салтанат Мұқанов,  шахматтан жаттықтырушы, жарыстың бас төрешісі:
-Бізде мықты командалар баршылық. Соның ішінде классикалық және “БЭСТ” гимназиясын, балалар үйі мен интернатының құрамасын атап өтер едім. Жарыс айналым бойынша, яғни, әр топтың жеңімпазы қорытынды ойынға шығады. Онда 4 команда жеңіс үшін күреседі.

Турнирдің басты мақсаты – шахматтың дәрежесін көтеру. Жарысқа түсушілердің жастары 12-13- терде. Ала тақта ойынын өмірлік серігіне айналдырған шеберлердің айтуынша, жастарды шахматқа дәл осы кезде баулу керек екен.

  Нұрлан Жалмұханов,  шахматтан жаттықтырушы:
Бүгін жарыс басталды. Барлығына жақсылық тілеймін. Әрине, бәрі бірдей жүлделі бола алмайды.

Әлішер Кеделбаев қалалық классикалық гимназияда оқиды. Екі облыстық чемпионатта да екінші орынды еншілеген Әлішер осы жолы да Петропавлдың намысын қорғау мүмкіндігіне қол жеткізетініне сенімді.

  Әлішер Кеделбаев, қалалық классикалық гимназия оқушысы:
Шахмат ойнауға деген қызығушылығым зор. Жаттықтырушым Салтанат Сәрсенбаевич.

Өткен жылғы сайыста “БЭСТ” гимназиясының командасы жеңімпаз атанған болатын.   

Гүлден Сәрсенбаева