Ауыл шаруашылығы

Наубайханалар иелерімен меморандум жасалды

 

 

 

 Облыс орталығында нан бағасын сақтау үшін “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” ұн үгу комбинаттарына бидайдың тоннасын 26 500 теңгеден беруі тиіс. Ал диірмендер өз кезегінде бірінші сұрыпты ұнның килограмын 45 теңгеден өткізеді. Наубайханалар 550 грамдық нанды 35 теңгеден дүкендерге жөнелтеді.

  Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:

-Магазиндерде баға әртүрлі. 40 теңгеден 50 теңгеге дейін. Бүгін қол қойғандай 35 теңгеден нан шығарылады. Ал дүкендер қырық теңгеден асырмаулары керек.

Осындай механизмнің арқасында ғана нан бағасын ұстап тұруға болады. Яғни, тұрақтандыру қорының бидайы тікелей нан бағасын сақтауға жұмсалуы керек. Бұған облыс орталығындағы екі ұн үгу кәсіпорны мен он шақты наубайхана иелері келісіп отыр.

  Зекай Танрикулу,  “ДЕЗ” ЖШС директоры:

-Ертеңнен бастап, ұнның килограмын 45 теңгеден береміз. Бұған дейін 50 теңгеден сатқанбыз. Бастысы, “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” келісілген бағамен бидай берсе болғаны.

  Ескендір Мурадов, “Қызылжар -нан” наубайханасының директоры:

-Әрине мұндай бағамен жұмыс істеуге болады. Тек ұн бағасы сапаға әсер етпесе болғаны. Жақсы ұннан жақсы нан пісіреміз. Осыған көңіл бөлу керек.

Бұл наубайхана иелерінің арасында “Петропавл нан-тоқаш комбинатының” өкілдері жоқ. Ал дүкендер 35 теңгеден алған нанды 40 теңгеден көтермеулері керек. Дүкендердегі бағаның сақталуын арнайы топтар тексереді.

Нұржан Әшімбетов,  Петропавл қаласының әкімі:

– ХБК бағаны 42 теңгеге өсірді. Олармен мемлекеттік органдар жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік органдар, депутаттар, топтар бар. Олар бағаны қарап жүреді.

Меморандум бір жылға жасалды. Әр тарап өз міндеттерін орындаса, тұрғындар қолжетімді бағамен нан алатын болады.

 

Әсем Сембина