Әр түрлі

«Альянс банктің» жаңа қызметі

 

Енді барлық коммуналдық қызметтер ақысын не бары 2 смс хабарламамен төлеуге болады. Кабельдік телевидение, интернет, түрлі қызметтер ақысын төлеу үшін де кезек күтіп отырудың қажеті жоқ. Хендипей қызметіне қосылсаңыз, үйден, не кеңседен шықпай-ақ, ұялы телефон арқылы жұмысыңызды бітіре аласыз.

  Вадим Никулин, “Альянс Банк” АҚ Петропавл қ.филиалы директорының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары:
 – Хендипей – бұл өте қолайлы заманауи қызмет түрі. Батыста бұл тәсіл халық арасында кең қолданысқа ие. Енді Хендипей әр қазақстандық үшін де қол жетімді болып отыр.

Өз ұялы телефоныңыздан «мобильді әмиян» жасау өте оңай. Бар болғаны «Альянс банктан» өз есепшотыңызды ашсаңыз жеткілікті. Ол  – Хендипей қызметінің Қазақстандағы жалғыз операторы. Сондықтан оған қосылу да «Альянс банк» арқылы жүзеге асырылады.

Вадим Никулин, “Альянс Банк” АҚ Петропавл қ.филиалы директорының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары:
 – Біздің банкімізде Хендипей қызметі тегін қосылады. Оны қолдану үшін арнайы білім мен телефонда ешбір қосымша функциялардың қажеті жоқ. Ең бастысы смс хабарлама жібере алатындай аппарат болса болғаны.

Сонымен, ұялы телефоныңызға қаражат аудару үшін байланыс нөміріңіз бен керекті сома жазылған смс хабарлама жіберу қажет. Бұл өтінішіңіз қанағаттандырылған соң екінші хабарламаны жібересіз. Тағы бірнеше секундтан соң сіздің қаражатыңыз толық аударылады.

  Вадим Никулин, “Альянс Банк” АҚ Петропавл қ.филиалы директорының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары:
 – Дәл осылайша 2 смс арқылы бір есептен екіншіге ақша аударуға болады. Бұл жағдайда оны қабылдаушы да Хендипей қызметіне қосылуы шарт. Ақша аударымын жасау үшін көп уақыт кетпейді. Одан кейін түскен қаражатты кез-келген банкоматтан алуға болады.

Қаражат аудару кезінде ақша ұялы байланыс абонентінің жеке есебінен емес, «Альянс Банктағы» клиенттің есебінен алынады. Қызметті пайдаланушылар жөніндегі барлық деректер құпия түрде сақталады.

 Кәусар Аяпбергенқызы