Қылмыс

Кісі қанын жүктегендер ұсталды

 

 

  

Қазанның 7-сі күні Жұмабаев көшесі бойындағы үйлердің маңынан ер адамның мүрдесі табылды. Тұрғылықты мекені жоқ 51 жастағы ер адамның ауыр дене жарақаттарынан көз жұмғандығы анықталды. Бұрындары басы істі болған сезікті уақытша тергеу абақтысына қамалды. 19 жасар жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Араға үш күн салып, тағы бір осы тектес факті тіркелді. Бұл жолы білім ордасының ішінде  аюандылықпен өлтірілген мектеп күзетшісінің мүрдесі табылды. Әзірге бұл зұлымдыққа қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының 19 және 20 жасар тұрғындарына айып тағылып отыр. Ұсталған жас жігіттердің екеуі де бұған дейін де заңды аттап үлгерген екен. Сол кеште сезіктілер футбол ойнап, жеңісті бірлесіп арақ ішіп тойламақ болған.  Сезіктілердің біреуі күзетшіні ауыр соққының астына алып, ұрып жатқанда, екіншісі үйреншікті әдетіне басып ұрлық жасаған. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда, тергеу амалдары жүріп жатыр.

 Жеңіс Ермұқанов