Әр түрлі

Аналарға алтын алқа тағылды

Құттықтау сөздер мен ақ тілектердің бәрі бүгінгі салтанатқа жиналған ақ жаулықты аналарға арналды. Заманның қысылтаяңдығына төзе жүріп, әр баланы аяғынан тік тұрғызып, қатарға қосқан олардың еңбектері өлшеусіз. Соны ескеріп, өздерін құрметке бөлеп жатқан үкіметке әжелер де алғыстарын жаудырды. Петропавлда жетеуден көп баланы өсіріп жеткізген барлығы 468 ана бар. Олардың бәрі тиісті марапатқа ие болып жатыр. Енді көпбалалы аналарға қаржылай көмек көрсету де қарастырылған.  9 бала тәрбиелеген Қаншайым апай  қазірде өзі санын білмейтін немерелері мен шөберелерінің ортасында асыл әже болып отыр.

  Ханшайым Бәйтенова,  «Алтын алқа» иегері:
– Ол кезде қиын болды. Маған бала өсіруге енем мен жеңгелерім көмектесті. Өзім өмір бойы жұмыс істедім. Шөберемнің қолынан су ішу бұйырды маған.

  Ханшайым Бәйтенова,  «Алтын алқа» иегері:
– Ол кезде қиын болды. Маған бала өсіруге енем мен жеңгелерім көмектесті. Өзім өмір бойы жұмыс істедім. Шөберемнің қолынан су ішу бұйырды маған.

Сондай шаққа жетіп отырмын.

Алдағы жұма күні тағы 35 ана “Алтын алқамен” марапатталмақ.

 Кәусар Аяпбергенқызы