ТКШ

Шағын бақтар абаттандырылуда

 

Осыдан 20 күн бұрын Пушкин атымен аталып кеткен  бақтағы көрініс мүлде басқаша болатын. Ал қазір мұнда қолайлы күн райымен үндесе қарқынды жұмыс жүріп жатыр. 150 түп жас қайың мен сонша түп шырша жаңа жерге бейімделіп те үлгерді. Олардың біразы осыдан бір апта бұрын отырғызылған болатын. Бұл жұмыстардың бәріне Аққайың ауданынан арнайы келген мемлекеттік қызметшілер, ұстаздар мен «Севказэнерго» АҚ жұмысшыларының күші жұмылдырылды.

 Қанат Мәкішев, Аққайың ауданы әкімінің  орынбасары:
-Осы аймақ Аққайың ауданына тапсырылды. Қазірде жұмыстың 95 пайызы орындалды. Енді скульптураны орнатып, қазанның 14-і тапсырамыз.

Барлығы 600 шаршы метрді құрайтын жердің 400-не   кеспе тақтайшалар, қалған 200-не асфальт төселді. Ал саябақтың дәл ортасына Пушкин  романының кейіпкерлері – Евгений Онегин мен Татьяна Ларина бейнеленген  экспозиция орнатылмақ.  Осы жерді жандандырып, әр талын өз қолдарымен еккен аққайыңдықтар  енді еңбектерінің бағалануын күтеді.

  Дәулет Балтабаев, №3 Смирнов орта мектебінің технология пәні мұғалімі:
 – Енді әр ауданға бөлінгеннен кейін осылай өзімізге бөлінген жерді қарап, мұқият байқап отырамыз. Қызылжарлықтар да бағалап, атсалысып, қарасып жүрсе дейміз.

Ауданнан келген жұмысшыларға № 21 орта мектептің оқушылары көмектесіп жүр. Олар да өздері отырғызып, суарып жүрген әрбір тал ағаштың жайқала өсіп, қаланы шырайландыруын қалайды.
 
Кәусар Аяпбергенқызы