Білім

Мемлекеттік сатып алу туралы семинар

 

 

 

 

Бүгінгі таңда еліміздің білім саласында жемқорлық  белең алған. Бұл жүйеде мемлекет ақшасын талан-таражға салу фактілері жиілеп кетті. Қоғамдық індетпен күресті күшейтіп, заңбұзушылықтардың алдын алу шараларын мықтап қолға алу  мақсатын көздеген жиында облыс орталығындағы білім беру мекемелерінің жетекшілері мен тексеруші орган өкілдері бас қосты.

  Аманжол Бекенов, қалалық білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
-Жемқорлықтың алдын алу үшін осындай семинар өткізіп отырмыз. Көбінесе қандай қылмыстар жасалатынын, оларды болдырмауды әңгімелейміз.

Жыл басынан облысымызда білім жүйесінде түрлі сипаттағы 35 заңбұзушылық анықталған. Оның алтауы жемқорлық. Облыс орталығындағы 13 білім ошағының басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мамандар бұл олқылықтардың көп ретте мекеме басшыларының заңды жетік білмеуінен болатынын айтады. Әсіресе, мемлекеттік сатып алу  туралы заңнама өте жиі бұзылады екен. Білім беру саласының қызметкерлері байқау өткізген кезде заң талаптарын білмегендіктен қарапайым қателіктерге жол береді. Бұл орайда құқықтық сауаттылықты арттырған абзал дейді мамандар.

  Николай Ухов,  “Нұр Отан” ХДП қалалық филиалы жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы:
-Демократиялық қоғам құрып жатқандықтан, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.
Бұндай кездесулердің маңызы зор. Ұстаздардың психологиясы мынадай – оларға ескерту жасалған жағдайда, келесі жолы олар кемшіліктерге жол бермейді.

Партия өкілдері бұл бағытта көмек қолын созып, қарым-қатынас орнатуға әрқашан әзір.

 Айымгүл Әбілева