Әр түрлі

Алма ағашы гүлдеді

 

 

 

 

 

 Күнтізбе бойынша – күздің ортасы таяп қалды. Ал Хименко көшесіндегі 14-ші үйдің ауласында көктем салтанат құрды. Дәлірек айтсақ,  алма ағаштары бүр жарып, тұрғындардың таңдайын қақтыруда.

  Ольга Шумцова, тұрғын:
 -Мен осы үйде тұрған 24 жыл ішінде мұндайды байқамадық. Біз, әрине, таңқалдық, бірақ қуаныштымыз.

Маңындағы қайың, шетен жапырақтарынан алманың гүлдерін бірден байқау қиын. Алайда күз ішіндегі көктемнің белгісін осы маңдағылардың бәрі байқап үлгерді. Бұл аулада алма ағаштары көп, алайда үшеуі ғана гүлдеген. Жалпы, жеміс ағаштарының  бір жылда екі қайта гүлдеуі сирек кездеседі. Сондай-ақ осы күзде бүр жарған ағаштардың ғұмыры қысқа болуы мүмкін. Өйткені олар қыстың ызғарына шыдай алмайды екен.  

 

 Александра Якутина, тұрғын:
-Алма ағашының күзде гүлдегені жақсы емес, қыс суық болады.

 
Ал суық түскенде бұл ағаштардың қандай күйде болатынын ешкім болжай алмайды.

Кәусар Аяпбергенқызы