Спорт

Облыс спортшыларының қоржыны тағы 5 медальмен толықты.

 

 

Бұл сында өңір командасының абыройын  85 келі салмақта Айбек Хырықбай мен 90 келі салмақ дәрежесінде Георгий Емельянов асқақтатты. Баскетболшылар да бірқатар жетістіктерге жетті. Олимпиадалық резервтегі “Жеңіс” мамандандырылған мектебі Қазақстан чемпионатында үшінші орынға тұрақтады. Сөйтіп олар облыс қоржынына қола медаль түсірді.  Жергілікті құрама жарысқа қатысқан 13 команданың ішінен тек Жақсы және Сәтпаев қалаларының спортшыларына ғана дес берді.  Бір спортшылар жеңісін тойлап жатса, кейбіреулері үлкен сын алдындағы дайындықтарын шыңдауда. Қазанның 13 мен 20 аралығында Хромтау қаласында волейболдан Қазақстан кубогының финалдық ойындары өтпек. Бұл сында “Есіл” құрамасы бақ сынайды.

Нұрбек Нәбиев