ТЖ

Тұрғын үйдегі төтенше оқиға

 

 

 

 

 

Диля Махметова анасына үйді тәртіпке келтіруге көмектесу үшін келіпті.  Көрші жиырмасыншы пәтердегі төтенше жағдай салдарынан баспанаға әжептәуір зақым келген. Терезелер сынып, төбенің сылағы қопарылып қалыпты. Үй иелері пәтер ішін өздері жөндеуге кірісіп кетіпті. Кінәлілер табылып, шығынның орны толтырылғанша отыра берсек, көп уақыт күтіп қалатын түріміз бар дейді олар. Жарылыс толқыны подъездегі терезелерді де қиратқан. Өрт шыққан пәтердің астындағы дүкен де қазір жұмыс істемей тұр. Өртті сөндірген кезде ас үйді су басып қалған.

  Бақыт Хайрова,  “Хайрова” ЖК директоры:
 – Жарылыс салдарынан төбе опырылып қалды. Терезелер сынды, дабылқаққыш істен шықты. Енді бәрін жөнге келтіру керек. Бүгін барып, осы жөнінде келісіп келдік. Дүкен қазір жұмыс істемей тұр. Күйеуім уақытша осы жерде қонып жүр.


Айыртау көшесіндегі сегізінші үйде өрт сенбі күні кешкі сағат тоғыз шамасында шыққан. Газ жарылысынан тұтанған отты өрт сөндірушілер жедел ауыздықтады. Қазір төтенше жағдай себептері анықталып жатыр.

  Болат Байғаскин,  төтенше жағдайлар басқармасының инженері:
-Әзірге ауа-газ қопасының жарылу себептері анықталған жоқ. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Жапа шеккендерден жауап алынуда. Үй иесінің айтуынша, қыркүйек айында мамандар келіп, бүкіл үйді тексерген. Газдың шығуы   тіркелмепті.

Бүгінде өрт-техникалық сараптама бекітілді. Енді төтенше жағдайдың шығу себебін мамандар анықтамақ.

Айымгүл Әбілева