Құқық қорғау органдары

Сергеевканың әкімі пара алып жатқанда ұсталды

 

 

 

 

Т. атты азамат Шал ақын ауданының орталығынан үй салмақ болған. Бірақ  бұл ойын жүзеге асыруға тиесілі жер телімінің жоқтығы кедергі келтіреді. Сөйтіп ол Сергеевка қаласының әкімінен көмек сұрайды. Шенеунік қол ұшын беруге келіседі. Бірақ ол қызметін 3 мың АҚШ долларына бағалаған.  Азамат пара беруге итермелеу  фактісі жайында қаржы полициясына хабарласады.
 
Нұрлан Жахин, Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
– Т. деген азамат арыз әкелді. Оны тіркеуге алдық. Сосын жедел іздестіру шаралары өтіп, сезікті қылмыс үстінде қолға түсті.

Сергеевка қаласының 44 жасар әкімі өз кабинетінде қолға түскен.  Пара ретінде алған 3 мың доллар да осы жерде анықталды. Қазір ол тергеу абақтысына қамалды.
 

Нұрлан Жахин, Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
–  ҚР ҚК 311-ші  бабымен іс қозғалды. 5-10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде облыстық қаржы полициясы жемқорлық фактілері бойынша 65 қылмыстық іс қозғаған.
 

Дана Ғизатова