Спорт

Бокстан ашық біріншілік

 

 

 

 

Бокстан өткен ашық біріншілікке салмақтары 22-мен 56 келі аралағындағы 70-ке жуық спортшы жиналды. Жас боксшылар   СҚО, Ақмола, Қостанай  облыстарының намысын қорғамақ. Біріншіліктің ең басты мақсаты – Петропавлда осы спорт түрінің дамуына жол ашу дейді ұйымдастырушылар.
Солтүстік өңірдің атынан биылғы додаға қатысу мүмкіндігіне қалалықтар ғана емес, аудан жастары да ие болды. Шымыр боксшылар Ғ.Мүсірепов және Тайынша аудандарынан келген. Олар екі күнге созылатын додада Петропавлдағы бокстың жоғары деңгейін дәлелдейміз деген үмітте . Жеңіс мінберіне көтерілу бақытына ие болу әркімнің үлесіне тимейтінін мұндағылар жақсы біледі. 9 жасар петропавлдық боксшы Джозеф Окаро үшін бұл өміріндегі 10- шы турнир. Жас спортшы 2009 жылы облыс чемпионы атанса, былтыр «Жеңіс» мектебінде өткен ашық біріншілікте де жеңіске жеткен . Осы сайыстың бәйгесінен де құр қалмауға бекінген көрінеді .

  Джозеф Окаро ,«Жеңіс» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы:
– Мен бокспен үшінші жыл айналысып жатырмын. Астанада, Көкшетауда өткен жарыстарда жеңдім. Осы турнирде де өзімнің бар өнерімді көрсетуге тырысамын.

Баласының алға басқан әр қадамын жеңіс деп білетін ата-аналар үшін бұл ерекше күн. Галина Карамышеваның немересі Тимур өз қарсыласынан басым түсіп, әжесіне шексіз қуаныш сыйлады.

Галина Карамышева:
Мен немерем рингқа шыққанда,  қатты қобалжып, қорқып отырамын. Тіпті көзіме жас келеді. Міне, ол тағы да жеңіске жетті. Енді қуанышымды жасыра алмай отырмын.

Бірінші орынды Бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Олимпиадалық резервтегі «Жеңіс» спорт мектебі өзара бөлісті. Жеңіске деген құлшынысы үшін қостанайлық боксшы Константин Катович марапатталды. Ал жекпе-жектегі техника жағынан жерлесіміз Евгений Павлов үздік деп танылды.

Кәусар Аяпбергенқызы