Балалар

Қазақстан кәсіпкер әйелдер одағының өкілдері – Петропавлда

 

 

 

 

Облыста тоғыз мыңға жуық кәсіпорын мен ұйым бар. Оның 1665-не нәзік жандар басшылық етеді. Дегенмен бұл жеткіліксіз. Қыз-келіншектер қоғамның барлық саласына бірдей белсенді қатыса бермейді. Ал Қазақстан кәсіпкер әйелдер одағының көздеген мақсаты гендерлік теңдікті дамыта отырып, азаматшалардың экономикалық мүмкіндіктерін  кеңейту.

 

 Меруерт Қазбекова, “Қазақстан кәсіпкер әйелдер одағының” жетекшісі:
-Мақсатымыз –  студенттерді онжылдықтың басты бағыт-бағдарымен таныстыру. Осы орайда үнпарақтар дайындадық. Сонымен қатар гендерлік саясат жайлы да әңгіме қозғайтын боламыз. Себебі бүгінгі күні әйел затының экономиканы дамытуда алатын өз орны бар. Сіздердің алдарыңызда Ақмола, Қостанай облыстарында болдық.

Гендерлік саясатты дамыту бағытында әйелдер одағының белсенділері әр түрлі жобаларды жүзеге асырған. Алғашқылардың бірі болып “Ауыл әйелдерін бизнес негіздері бойынша оқыту” жұмысы қолға алынды. Ауқымды бастама аясында әйелдер кәсіпкерлігінің дамуын жетілдіретін жүйе де құрылды. Дөңгелек үстелде Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуі де сөз болды. Ұйымдастырушылар алдағы күндері Мамлют және Есіл аудандарында болып, осындай  жиындар өткізбек.

Гүлден Сәрсенбаева