Әр түрлі

Жарымжан балаларға ерекше қамқорлық керек

 

Жеті жасар Асқар биыл бірінші сыныпқа барды. Көзі нашар көргендіктен, мектеп мұғалімдері оны үйге келіп оқытады. Мектеп табалдырығын жаңа аттағанымен, Асқар кітап оқиды, сурет салғанды жақсы көреді екен. Баланың осы қабілеттерін дамытуға, оның үйдегі тұрмысқа бейімделуіне әлеуметтік қызметкер Лариса Речкина көмектеседі.

Гүлнәр Шәріпова:
-Біздің бала ауырғандықтан оған әлеуметтік көмек керек. Өзіміз үйде бар жағдай жасауға тырысамыз. Мемлекет те көмектесіп жатыр. Әлеуметтік қызметкер келіп көмектеседі. Рақмет .

Ал бүгін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері Асқарға сыйлық тарту етті. Қай бала тәттіден бас тартқан. Асқар да бұл сыйға қуанып қалды.

  Ольга Букина, Петропавл қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі:

-Қалада 10 мыңға жуық мүгедек жандар тұрады. Олардың алты жүз жетпісі мүмкіндігі шектеулі балалар. Мүгедектер күні қарсаңында қалалық әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бұл балаларға сыйлықтар тарту етуде. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қарауындағы мүгедек балалардың ешбірі назардан тыс  қалмайды.

Облыс орталығында жүз бір балаға үйде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұндай бағдарлама 2002 жылдан жүзеге асырылуда. Мүмкіндігі шектеулі балаларға аптасына екі -үш рет келетін әлеуметтік қызметкерлер ата-аналарға үлкен көмек.

Айымгүл Әбілева