Білім

Қуыршақ театрындағы қайырымдылық қойылымы

 
 

 

 

 Бүгінгі сахнаның басты жұлдызы  – қойылым тілімен айтқанда кішкентай “Мымренок”. Көрерменге ол әуелде тәртіпсіз, ата-анасының тілін алмай, ақыры адасып кеткен сотқар ретінде танылады. Бірақ  бақытына орай, орманда оған ғажайып әйел кезігіп, оны үйіне қайтарады. Жарымжан балалар мен ересектерге нақ осы қойылымның ұсынылуы тегін емес. Кішкентай Мымренок пен оның ата-анасы жайлы оқиға көрермен арасында бұрыннан мақтауға ие. Актерлардың өздері де оны үнемі қуана сахналайды екен.

  Диана Сәдуақасова,  театр актрисасы:
-Бұл спектакльді 3 актер ойнайды. Ол баяғыдан бері келе жатыр және оның келешегі зор, себебі біз оны Ақтөбеге фестивальға апара жатырмыз.

Театрдың бүгінгі қонақтары жақындарының жылуына ерекше мұқтаж жандар. Сондықтан тату, көңілді отбасылық өмірді көрген олар үлкен әсер алды. Бірақ күлкілі ертегі кейіпкерлері ешбір көрерменнің мұңаюына жол бермеді. Ақырында аппақ киімге оранған ғажайып әйел бұрынғы мен бүгінді  байланыстыра отырып, отбасын тазалық пен тәртіпке, кішіпейілдікке үйретеді. Енді бұл қасиеттердің қажеттілігін Мымренок қана емес, қойылымды тамашалаған балалар да өз саналарына түйді.

Балалар:

– Бала ақылды емес, оны сосын үйретеді. Мен жаман болуға болмайтынын түсіндім.
-Рақмет,  біздің балаларымызға осылай көңіл бөліп отырса, біз де бақыттымыз.
 

Кәусар Аяпбергенқызы