ТКШ

Көшелердегі ескі ағаштар кесілуде


 

Бұл ағаштардың кейбірі жарты ғасыр бұрын отырғызылып, қазір тамырларын тереңге жайып үлгерді. Алайда көпжылдық терек, үйеңкі, қарағайлардың бүгінгі кескіні көз қуантарлық емес. Бірі көшелердің үстінен төніп тұрса, кейбіреуі жартылай өспей қалған. Сондықтан айналаның көркін бұзып тұрған ағаштарды шауып, орнына жаңаларын отырғызу туралы шешім қабылданды.

 Геннадий Колесников, «Коммунхоз» МКК қызметкері:
–  Қаланың қазір қандай кейіпте екенін өздеріңіз көріп тұрсыздар. Ағаштардың бәрі әр түрлі және көріксіз. Сондықтан біз оларды жаңартып, көшелердің сәнін келтіреміз.

Ағаштар үлкен болғандықтан,  жұмысшылар алдымен бұтақтарды, одан соң діңгегін кеседі. Бәрінен қиыны – тамырын қазу. Бұл жұмыстың бәріне кемінде жарты сағат қажет. Қазірде Жамбыл көшесінде 50 түп тамырымен қопарылды. Тұрғындар бұл туралы әр түрлі пікірде.  

Тұрғындар:
 – Бұл ағаштарды кесудің қажеті қанша. Олар ешкімге кедергі жасамайды. Егер жаңаларын отырғызамыз десе, қала шетіне ексін. Ол жақта орын көп.
– Дұрыс, қатты жел тұрған кезде бұл ағаштар адамдарға құлайды. Кесе берсін.

Ескі ағаштар қопарылып болған соң бірден жаңа көшеттерге орын дайындалады. Ал жыл соңына қарай Петропавл көшелерінің сәнін келтіретін жас жөке және алма ағаштары отырғызылмақ.

 Кәусар Аяпбергенқызы