Әр түрлі

Эстрада жұлдыздары Петропавлда

 

Қазақстан «Азаматтық Альянсының» бастамасымен қолға алынған “Бірлігіміз жарас­қан!” әлеуметтік-ақпараттық ак­­циясы бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде жаппай жүріп жатыр. “Біргеміз – берік іргеміз” – сәуір айынан бері осындай ұранмен, елімізде көптеген игі шара атқарылды. Жалпы еліміз бойынша 700-ден астам акция ұйымдастырылып, бұл науқанға  жарты миллионнан астам қазақстандық атсалысты.

  Данияр Дүйсенов, “Қазақ әуендері” АҚ вице-президенті:
 -Бұл шараға жастар көптеп тартылды. Акцияның мақсаты да сол кейінгі буын өкілдерін отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстандықтар осы акцияның ба­рысында өздерінің нағыз бірліктері жарасқан, ынтымақтың қадірін ұғы­натын бір елдің ұландары екен­дігін көрсетті.

Акция аясында қазақстандық эстрада жұлдыздары қалаларды аралап, концерт беруде. Павлодар, Тараз, Шымкент тұрғындарын қуантқан әншілер Петропавл қаласына жетті. Марат Омаров, Маржан Арапбаева, “Ринго” және “Дауыс интернешнл” топтарын жастар зор қошеметпен қарсы алды.
Енді өнерпаздар Көкшетау қаласына жол тартпақ. Эстрада жұлдыздарының концерттік турнесі қазанның он біріне дейін жалғасады.
  

 Айымгүл Әбілева