Балалар

Жастарды жұмыспен қамту мәселесі туралы жиын

 Облыс жастарының 6,1 пайызы жұмыссыздар қатарында. Ал республика бойынша бұл көрсеткіш 5,9-ды құрап отыр. Яғни, біздің өңір екі қолға бір күрек таба алмай отырғандар саны жағынан бірінші орында. Осы орайда жастар   ұйымдары өзекті мәселені шешу жолдарын қарастыруда.

  Сергей Белов, Петропавл қаласы ресурстық орталығының жетекшісі:
-Көбіне оқуын жаңа ғана тәмамдаған жастар тәжірибесі болмағандықтан, өз мамандығы бойынша қызметке тұра алмайды. Біздің мақсатымыз өскелең ұрпаққа дұрыс жол сілтеу болып табылады.

  Сергей Белов, Петропавл қаласы ресурстық орталығының жетекшісі:
-Көбіне оқуын жаңа ғана тәмамдаған жастар тәжірибесі болмағандықтан, өз мамандығы бойынша қызметке тұра алмайды. Біздің мақсатымыз өскелең ұрпаққа дұрыс жол сілтеу болып табылады.

 

Қалалық ресурстық орталық белсенділері жастар үшін кәсіптік бейімдеу семинар-тренингтерін  өткізіп тұрады. Пайдалы шараға қатысушылар жұмыс берушімен дұрыс сөйлесу, өзі жайлы ақпаратты талапқа сай толтырудың оңтайлы әдіс-тәсілдеріне үйренген. “Дипломмен  – ауылға” бағдарламасы аясында да көп істердің басы қайырылған. Биыл өңір аудандарына білім саласында қызмет етуге 398 жас маман аттанған.

  Жәнібек Әлкин,  “СҚО ауыл жастары одағы” корпоративтік қорының атқарушы директоры:
 – Біз студенттермен оқу жылының басында кеңес өткіземіз.
Оларды ауылға баруға дайындаймыз. Қажет құжаттармен таныстырамыз. Осы жылы 150-ге жуық студент әлеуметтік көмекке ие болды.

 Ал қалалық мәслихат депутаты Жангелді Тажин студенттер мәселесі біршама оңтайлы шешілгенімен,  мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың көбіне ескерусіз қалатынын айтты.
Қазан айының соңында мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған “Мен үздік маманмын” байқауы өтеді. Жарыстың мақсаты  – техник-инженерлердің кәсіби деңгейін көтеру.  

Гүлден Сәрсенбаева