Спорт

Велошабандоз Вадим Галеев – Азия чемпионатының жүлдегері

  

 

 

 

 Вадим Галеев Қазақстан  юниор велошабандоздар құрамасынан үздік үштікке енген жалғыз спортшы. Ұлттық чемпионаттың қола жүлдегері, Мәскеу кубогының жеңімпазы 3 айналымнан тұратын жолды жүріп өту қиынға соққанын айтады. Жекелей сында Вадим екі корейлік қарсыласына жол беріп алған. Спорт шебері олардан мәре сызығын 2,5 минутқа кеш кесіпті.

  Вадим Галеев, велошабандоз:
-Мен жеңемін деп үміттенген едім. Алайда трассаны өту ойлағанымнан гөрі қиынға соқты. Жол ойлы-шұңқырлы екен. Сол себепті берілген қашықтықты тез жүріп өте алмадым. Қола жүлде – осы кезең бойынша мен үшін жақсы көрсеткіш.

Шәкіртін  9 жыл бойы жаттықтырып жүрген Игорь Зольников Вадимге зор үміт артып отыр. Бапкер ендігі жылы андер құрамына енгелі отырған велошабандозды олимпиада ойындарына дайындамақшы.

  Игорь Зольников,  жаттықтырушы:
-Мен Вадим үшін өте қуаныштымын. Ол оның көпжылдық еңбегінің жемісі. Біз спортшының биіктен көрінетініне сенгенбіз. Міне, қола алып келіпті. Әрине, қарсыластар мықты болды.
Алайда, шәкіртімнің көрсеткіші мені қатты қуантты.

Осымен велоспорт маусымы  жабылды. Ендеше келесі жыл жергілікті спортшыларымыз үшін одан да жеңісті болсын дейміз.

Гүлден Сәрсенбаева