Әр түрлі

Тұтынушыға чек бермегендер айыппұл төлейді

 

 

 

 

 Салық Кодексі бойынша  кәсіпкерлер кассалық бақылау машиналарын қолдануға міндетті. Алайда кірісін жасыру мақсатында заңды белінен басатындар бар. Осындай салық төлеушілерге жыл басынан бір миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Жақында қабылданған “Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі” заң да сатып алушыларға чек беруді міндеттейді.  

  Жібек Клюкова, СҚО бойынша салық департаментінің салықтық заңнамаларды түсіндіру басқармасының бас маманы:
-Кассалық бақылау машинасы орналасқан жерде екі тілде хабарлама ілініп тұруы тиіс.Бұл хабарламада сатып алушының міндетті түрде чек алуы керек екені және салық органының сенім телефоны жазылуы керек. Құқығы бұзылған жағдайда сатып алушылар осы телефон бойынша хабарласа алады.

Тұтынушылар өз құқығын білуі тиіс. Сатушыдан чек беруді талап етуі заңды дейді салықшылар. Ертең сатып алған тауарың сапасыз болып жатса, оны осы дүкеннен алғаныңды растайтын айғақ осы қағаз екенін ұмытпаған жөн.

Тұтынушылар:

-Мен ылғы чекті аламын. Бізге ол отбасылық бюджетті есептегенде қажет. Нан сатып алғанның өзінде чек сұраймын.
-Көп ретте сатушылар бермей жатады. Кей кезде өзіміз ұмытып кетеміз. Бірақ чек болғаны дұрыс қой.

Патент және бір реттік талон негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, адвокаттар мен жолаушылар тасымалымен айналысатын тұлғалар бақылау- кассалық машинасын қолданудан босатылады.
 

 

Айымгүл Әбілева