Әр түрлі

Қажылық сапарға әзірлік

 

 

 

 

Қажылық сапар байлығы жететін, қажылық амалдарын және жол қиындығын көтере алатын, ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылмандарға ғана міндет. Биыл 10 жерлесіміз бес парыздың бірін орындап, қажы атануды мақсат етіп отыр.  Қажылық сапарға алғаш рет аттанғалы отырған жерлестеріміздің баршасы мешітке келіп, арнайы дәрістер тыңдауда. Меккеге сапар шегемін деп мақсат еткендердің алдымен денсаулықтары мықты болғаны абзал. Ал жол мәселесін облыстағы 3 туристік фирма өз мойнына алып отыр. Бастысы  діндестеріміздің   қасиетті мекендегі іс-әрекеттері шариғатқа қайшы келмеуі тиіс. Тамара Мұхамеджанова  қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына қызымен бірге баруды ұйғарыпты. Сондықтан  маңызды сапар алдында  екеуі де мешітте ұйымдастырылған дәрістерді тыңдап, аят-сүрелерді жаттауда. Жерлестеріміздің алғашқы тобы Алматы қаласынан қазанның 30-ында аттанады. Сондықтан әлі де мұсылмандықтың бесінші парызын орындаймын дегендер үшін кеш емес. Барлығы қажылық сапар 22 күнге жалғасады.

 Гүлмира Шоқтыбаева