Білім

Қазақ тілін оқытуға арналған жаңа бағдарлама

 

 

 

 СҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығының осы маңызды іске кіріскеніне биыл оныншы жыл. Бұған дейін орталық өздері жасаған 3 деңгейлік бағдарлама бойынша жұмыс жасаған болатын. Ал биыл оқыту жүйесіне үлкен өзгеріс енгізілді. Ол – “ҚР мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі” деп аталған жаңа кешен. Орталық мамандары тың бағдарламаның тиімділігін тексеру үшін тәжірибеде қолдануға кірісіп кетті.

  Айбала Мәженова, СҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры:
Астана  қаласында солтүстік өңірге арналған үлкен семинар өтті. Онда Павлодар, Қостанай, біздің өңірден  оқытушыларды жинап,  жақсы семинар өткізді. Біздің орталықтан 18 әдіскер қатысып, бағдарламаны меңгерді  деген сертификат алып шықты.

Тілдік портфельді меңгерсін деген мақсатпен семинар-практикумға 13 ауданнан 26 әдіскер шақырылды. 2 күнге созылған отырыста тіл мамандары өздеріне қажет ақпаратты шапшаң жинақтап үлгеріпті.

  Алтынай Сыздықова, облыстық тілдерді дамыту басқармасының Тимирязев ауданы бойынша уәкілетті бас маманы:
 –  Осы тақырыптар белгілі болса да, өзіме көп ерекшеліктер белгілеп қойдым. Соларды іске асыруға көп жұмыс атқарамын деп ойлаймын. 2011-2020 жылдарда тілді дамыту бағдарламасының жобасы шыққан, соны біз аудан көлемінде талқылап, мектептерде сабақ жоспарлары жасалып жатыр.

  
Енді ғана тұсауы кесілген жаңа кешен бірден барлық топтарда оқытымайды. Әуелі оны орталықтағы 68 топтың 10-ы және 3 ауданның тіл үйренушілері меңгеретін болады. Бағдарлама 144 сағатқа шақталған.

Кәусар Аяпбергенқызы