Спорт

Аслан Тоқпаев Азиадаға әзірленіп жатыр

 

 

 

 
Аслан Тоқпаев шаңғымен спорттық бағдарлаудан ел чемпионы. 8 жылдың ішінде әуестігін кәсіби деңгейге жеткізіп, спорт шебері талаптарын орындаған. Өз мүмкіндіктерін әлем кубогында да сынап көрді. Бұл спорт жылдамдық, күшпен қатар интеллектуалдық қабілетті де қажет етеді. Асланды спорттың осы қасиеттері баурап алған.

  Аслан Тоқпаев,  шаңғымен бағдарлау спорты түрінен спорт шебері:
 – Тапсырма сөре сызығында бірақ беріледі. Картада бірнеше нысан белгіленеді. Біз оларды міндетті түрде көрсетілген ретін анықтап, мәреге жетер жолды табуымыз керек. Қашықтықты жылдам өтумен қатар компостың көмегімен жолды қиып өту амалдарын іздеуге тура келеді.

Келесі жылдың қаңтарында Қазақстанда 4 жылда бір рет ұйымдастырылатын қысқы Азия ойындары өтетіні белгілі. Қабылдаушы ел бағдарламаға бір спорт түрін қосуға құқылы. Таңдау шаңғымен бағдарлау спортына түсті. Өйткені  аяққа шаңғы байлап,  бағдарлаудан ұлттық құрама Азия елдерінің көш басында келеді. Аслан Тоқпанов дүбірлі додада қазақ елінің намысын қорғайтын үміткерлердің қатарында. Жолдаманы ұтып алу үшін жерлесімізге қатарынан екі іріктеуден өту керек.

  Аслан Тоқпаев,  шаңғымен бағдарлау спорты түрінен спорт шебері:
-Азия ойындарында бұл спорттан қысқа спринтерлік, орташа, ұзын спаерлік қашықтықтар мен аралас эстафета өтеді. Құрамаға 10 спортшы , 5-уі ер,  қалғандары нәзік жандар, іріктеледі. Мен өз мүмкіндіктерімді жоғары бағалаймын. Бұл үлкен сынға 4 жыл бойы жаттығып, дайындалдым. Талпынысым жемісін беріп, көк туымызды биікке көтере алатыныма сенімдімін.

Бұндай мүмкіндікке солтүстікқазақстандық конкишілер Роман Креч, Дмитрий Бабенко мен Татьяна Сокирко да ие.

Жеңіс Ермұқанов