Әр түрлі

«Түркістанда» қарттарға дастарқан жайылды

 

 

 

  
Бүгінгі мереке ардагерлердің құрметіне ұйымдастырылды. Кең дастарқан басына жайғасқан аға буын өкілдерінің барлығы бір кездері ел игілігі жолында еңбек еткен жандар. Бірі медицина саласында абыройлы қызмет етсе, екіншілері өндірістік саланы алға жетеледі. Енді баршасы бейнетке толы жылдардың зейнетін көріп отыр.

  Гюлага Илдырымов, облыстық мәслихат депутаты:
-Осындай шараларды жыл сайынғы дәстүрге айналдыру керек. Бұл адамдар тек жас күнінде ғана еңбек етіп қойған жоқ. Олар күні  бүгінге  дейін қоғамдық өмірге белсене араласып тұрады. Қариялардың жастарға тәлім беруде рөлі зор.

Мерекеге орай зор құрметке бөленгендердің арасында 40 жылдан астам зауытта тер төккен Зоя Юхновец та бар. 87-ге келген тыл еңбеккері өзін әлі сергек сезінеді, қоғамдық шараларға белсенді атсалысады.  

  Зоя Юхновец, тыл еңбеккері:
-Кездесуге бір-бірімізді көріп, хал-жағдайымызды білуге жиналдық. Қамқорлық айлығы үшін алғысымды білдіремін. Облыс әкіміне рақмет.

Салтанатты кештің қонақтары өздеріне көрсетіліп жатқан құрметке ризашылық білдірді.  

 Қариялар:
–  Мұндай акциялар өте қажет. Осындай кездесулер арқылы бір-бірімізді көріп, қуанып қаламыз. Сыр шертеміз.
– Осындай дастарқан жайып, шақырып жатқандарына рақмет. Қамқорлық айлығы жиі өткізіле берсін.

 

Гүлден Сәрсенбаева