Билік

Еңбек ардагері Ұлан Сүгіровтің мерейтойы

 

 

 

 Бүгін   Сүгіровтер отбасында үлкен қуаныш. Отбасының  тірегі, отағасы   Ұлан Сүгіров 70 жасқа толып отыр. Мейірімді әке, ақылгөй атаның өмірі мен жүріп өткен жолы – балалары мен немерелері үшін үлкен өнеге. Мерейлі жасқа толып отырған жерлесіміз облыс басшылығы тарапынан да құрметке ие болды. 70 жасқа толуымен Ұлан Сүгіровты облыс әкімі Срік Біләлов құттықтады.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
 –  Бұл кісі Солтүстік Қазақстан өңірінде туып, білім алып, адал жұмыс істеп,   үлкен абыройға ие болды.  Біз, жас ұрпақ, сізді сыйлаймыз. Сіз  13 жыл шаруа қжалығында  еңбек етіп, экономикаға үлес қосып келесіз.

 

Мерейтойға орай тапсырылған Алғыс хат  Ұлан атаға берілген марапаттардың санын тағы арттырды. 1958 жылы Тимирязев ауданындағы Степной совхозынан қызмет жолын бастаған жерлесіміз адал еңбегі үшін “Еңбек Қызыл ту”, “Құрмет белгісі” ордендерімен, мерейтойлық медальдармен  марапатталды.  Қазақ ССР-інің құрметті рационализаторы бүгінде ауыл шаруашылығындағы талай жылдық еңбегінің жемісін көріп отыр. Салтанатты жиынға мерейтой иесінің жақын туыстары ғана емес, әріптестері мен қызметтестері жиналды. Баршасы  оның турашылдығы  мен адалдығын, бастамашылдығын ерекше атап өтті.  

 Құдайберген Қалиев:
 – Инженер болып көп жұмыс істеді. Ауданда ғана емес жаңалықтарды облыста да көрсетті. 10 жыл Показаньевтің қарамағында қызмет етті. Оның қол астында істеу оңай емес, Ресейдегі, Қазақстандағы жаңалықтарды облысқа кіргізуге атсалысты. Бұл кісі тура болды. Айтып қалады, соның арқасында жақсы жағдайларға да жетті, қиыншылық та көрді.

Қайролла Мұқанов:
 – Комсомол орта мектебі болды. Мен сонда универсиет бітіріп келіп, мұғалім болып, 1 жыл Ұланды оқыттым. Ол мектеп бітірген соң 1 жыл тракторист болып жұмыс істеді. Қарапайым трактористен жоғары жаққа көтерілді.
Ынтымақ ауылынан шыққан бірінші инженер. Өзі талпынып, өзі оқыды.

Ұлан Қаженұлымен  бір кездері облыс әкімі де қызметтес болған. Жетпіс жасқа толған жерлесіміз әлдеқашан құрметті демалысқа шықса да, еңбектен қол үзген емес. 13 жыл  Тимирязев ауданындағы “Саяғаш” шаруа қожалығына жетекшілік етіп жүр. Биылғы қуаңшылық та еңбекқор жанға кедергі келтірмеген. Шаруашылық орташа өнімге ие болды. Енді міне орақ науқаны сәтті аяқталған шақта қос қуаныш атап өтілуде.   

Ұлан Сүгіров, еңбек ардагері:
– Көп рақмет. Менің тырнақтай істеген еңбегімді таудай қылдыңыз! Бұл отырған азаматтар,  бірі ұстазым, өмірде жақсы кісілер көп кездесті. Сол кісілерден көп үйрендім. Енді оны қатардағыларыма үйреткім келеді. Бар өмірім осы еңбек.
Осы еңбегім бағаланып жатыр.
 

 

Гүлмира Шоқтыбаева