Спорт

Ұстаздар құрметіне футбол жарысы

 

Командалар жас дәрежесіне қарай үшке бөлінді. Турнирге Былғары зауыты, Бензострой, Жұмысшы кенті мен Ойқала ауданының 10 мен 18 жас аралығындағы футбол әуесқойлары қатысты.

  Владимир Маскин, жарыстың бас төрешісі:
-Біз кішкентай балалармен қатар ересектерді де жаттықтырамыз. Бүгінгі жарысты ұстаздарға арнап отырмыз. Мақсатымыз  – салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыс басталысымен кішкентайлардан «АК-47» топ жарып, ойынның алғашқы минутынан-ақ допты қарсыластарына бермеуге тырысты. «Арсенал» қарсы қақпаға гол соғуға қанша әрекеттенгенімен «АК-47» бұған жол бермеді. Керісінше, допты екінші команданың қақпасына бұрып, тағы да ұпайларын еселеп отырды. Құрама капитаны Аслан Дүкембаев соңғы допты аяғымен ойнатып отырып, қақпаның жоғары бұрышына енгізді. Жарыс қорытындысы бойынша «АК-47»  4:2 есебімен жеңіске жетті.
 
Аслан Дүкембаев, Бензострой кенті құрамасының өкілі:
-Қарсыластар қиын емес. Біз алда келе жатырмыз.


Орта буындағылардан 19-шы  шағын ауданның командасы – «Челси» көш бастады. Дегенмен, сайыс соңында  «Эстетика» құрамасы «Челсиді» 3:0 есебімен жеңіп кетті. Ересектер командасынан «Спартак» құрамасы үлкен үміт күттірген еді. Футбол әуесқойлары да күштеріне сенімді болатын.

  Станислав Капшицкас, “Спартак” командасының мүшесі:
 – Мен біздің команда жеңеді деген ойдамын.
Жеңіс үшін күресеміз. Әр матч сайын өте қобалжудамыз.

Алайда «Спартак»  4:2 есебімен вокзалдықтарға бірінші орынды беріп алды. Аулалық клуб командалары футбол жарыстарына жиі қатысады. Спорт әуесқойлары арасында тамыздың 1-нен «Таза қар» додасы басталған болатын. Сайыс қорытындысы қараша айында белгілі болмақ.

Гүлден Сәрсенбаева