Бизнес және экономика

Нан бағасы өсті

 

Бүгіннен бастап дастарқандағы басты ас 45 теңге тұрады. 1-ші сортты нан көтерме сауда жасаушылар үшін 5 теңгеге , ал “Нан плюс” дүкендерінің сөрелеріндегі баға 3 теңгеге өсіпті. СҚО бойынша монополияға қарсы агенттік бірден жағдайды анықтауға кірісті.

Зәуре Нұрмұқанова,  ҚР Монополияға қарсы агенттігі Қостанай және СҚО бойынша  өңіраралық инспекциясының бөлім  бастығы:
-Біз бағаның өсетіні жайлы 2-ші  қазанда білдік. Мұның себебін түсіндіретін мәлеметтерді де бірден алдық. Енді нан-тоқаш комбинатының есебін тыңдап, қорытынды шығарамыз.  

Бүгінде қаланың 90 пайызын дастарқандағы басты тағаммен нан-тоқаш комбинаты қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорында тәулігіне 40 мың бөлке пісіріледі. Бағаның өсуін өндірушілер бидай мен мазут бағасының екі есеге дейін қымбаттауымен байланыстырып отыр. Алайда күнделікті тұтыныстағы өнімнің қымбаттауын  халықтың  көбі  әлі байқап та үлгермепті.

 Тұрғындар:

– Мен естіген де жоқпын. Біз бұған үйрендік, не болса сол болады.
 –  Оны сезген жоқпын әлі.
 –  Сездім. Дүкенге бардым, онда 48 теңге.  

Егер монополияға қарсы агенттік мамандары бағаның өсуін орынсыз деп тапса, бағаны өсіруден түскен пайда жергілікті бюджетке аударылатын болады.

 

Кәусар Аяпбергенқызы