Билік

Асқар Игібаевты еске алу

 

 

 

 

 Асқар Игібаев  Есіл ауданындағы Николаевка орта мектебін 34 жыл басқарды. Ұлағатты ұстаз Қазақ ССР оқу ісінің үздігі, Бүкілодақтық мұғалімдер съезінің делегаты болған. Кезінде ерен еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды. Ұстаздар мерекесінде Асқар Игібайұлы жұмыс істеген мектепте  мемориалдық тақта қойылды. Салтанатты шараға қатысушыларды өңір басшысы Серік Біләлов құттықтады.
Жиында Асқар Игібайұлының әріптестері, шәкірттері,   жан жары Қәлима Мәкенқызы да болды. Салтанатты шараға қатысқан Асқар Игібайұлының шәкірттері естеліктерімен бөлісті.  Тақта ашылысымен жиылған қауым ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды. Облыс әкімі Николаевкадағы «Арман» шағын орталығына да ат басын тіреді. Ескі мектеп болған бұл ғимаратқа «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қыруар қаржы бөлініп, бірінші қабатқа күрделі жөндеу жүргізілген. 4 топта  90 бала тәрбиеленіп жатыр. Ал нысанның екінші қабатын аралаған Серік Біләлов мұндағы жұмыстарға қарқын беруді тапсырды. Қазір мұнда жылу,  жарық тартылған. Енді терезелері ауыстырылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілмек. Облыс басшысы Покровка елді мекеніндегі Жәлел Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжіне де соқты . Білім ошағын алда жоғары оқу орны деңгейіне көтеру көзделген. Бүгінде мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі қараша айының 20-ында Жәлел Қизатовтың 90 жылдық мерейтойы атап өтілмек.

  Серік Біләлов,  СҚО әкімі:
-Аталмыш білім ордасын алдағы уақытта жоғары оқу орнының деңгейіне көтеруіміз керек. Бүгінде мұнда омбылық аграрлық академияның 3 бөлімшесі ашылды. Инженер, мал дәрігері және агроном мамандықтары бойынша білім алатын топтар толығымен жасақталды. Жаңа 2010-2011 оқу жылында колледжге институт мәртебесін беруіміз керек.

Колледждің тыныс- тіршілігімен танысқан облыс әкімі мерейтойды тиісті деңгейде атап өту үшін оған мықтап дайындалу қажеттігін ескертті.

 

Гүлден Сәрсенбаева