Билік

Облыс әкімі ардагердің үйінде болды

Миннигуль Кряжевских үшін бүгінгі күн толқуға толы болды. Үйіне облыс әкімі қонаққа келіп отыр. Сексеннің сеңгіріне шыққан соғыс және еңбек ардагері өзін сергек сезінеді. Соғысты көрді, бұдан кейін күйреген экономиканы көтеруге атсалысып өмір бойы еңбек етті. Көп бейнеттің бір зейнеті болады. Бүгінгі бейбіт өмірге жеткен мен – бақытты жанмын дейді қария. Миннигуль Хасанқызының құрметті демалысқа шыққанына талай уақыт болып қалды. Бірақ  қария бос отырып көрген емес. Бүгінгі күнге аман-есен жетуімнің сыры- осы пысықтығымда дейді.

  Миннигуль Кряжевских, ҰОС ардагері, тыл еңбеккері:
-Мен әлі күнге дейін саяжайға барып, бағбандықпен айналысамын. Біріншіден, өз қолыңмен өсірген жеміс-көкөніс дәмдірек болады және әрдайым қимыл-қозғалыста болу денсаулыққа да пайдалы.

 Ел шетіне жау тиіп қанды қырғын басталған қиын кезеңде   Ұлы жеңісті жақындата түсуге қосқан үлесі бағаланып,  “2-ші дәрежелі Отан соғысы ” және “Қызыл жұлдыз” ордендері, “Өжеттігі үшін” , ” Ерлігі үшін” медальдарымен   марапатталған. Бүгінде қария мүмкіндігінше қоғамдық шараларға белсене араласып ,оқу орындарына жиі барып тұрады. Жастарды отансүйгіштікке баулып, өзі де олардан өмірлік қуат алады екен. Десе де соңғы уақытта үй шаруасымен айналысу қиынға соғып, бұрындары қажет етпеген әлеуметтік қызметкерлердің көмегіне жүгінуге тура келіп отыр. Өңір жетекшісімен әңгіме барысында Миннигуль апайдың саяжайы өрттеніп кеткендігі анықталды. Серік Біләлов саяжайды қалпына келтіруге көмек беретінін айтты.
 
Жеңіс Ермұқанов