Қоғам

Ұлттық-мәдени орталықтар Ассамблея сессиясына әзірленуде

 

 

 

 
Ұлтаралық достықты сақтап, оны нығайту мақсатында жергілікті мемлекеттік органдар,  Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер жүйелі жұмыс атқаруда. Бүгінгі таңда облыстық Достық үйі қазақ, татар, орыс, беларус, украин, кәріс, әзірбайжан ,түрік сияқты  21 ұлт өкілдерінің басын біріктірген.   Соның ішінде “Түрік мәдениеті” ҚБ жақында ғана ашылған. Кестелеп тігу, өрнектеп тоқу мен қолданбалы қолөнерге жақын қыздар осы орталықта ермек тапқан. Шебер Галина Бектемова   жасөспірімдерді  2 айдай қолөнерге баулып жүр.

Галина Бектемова:

-Мен балаларға әр түрлі материалдан мынадай ине-жіпке арналған қорапшалар жасауды, кесте тігуді және т.б. қолданбалы өнердің түрлеріне үйретемін. Әр сабағымыз 45 минутқа созылады. 

Мерекелік шаралар да Қазақстан халқы ассамблеясының назарынан тыс қалған емес. Бүгін киелі шаңырақта қос қуаныш. Күндіз қариялар өз құрметтеріне орай ұйымдастырылған концертті тамашаласа, қазір ұстаздар мерекесі өтіп жатыр. Жергілікті этноәдени бірлестіктер  өкілдерінің үлкен делегациясы Астана қаласында өтетін  Қазақстан халқы Ассамблеясының 16 сессиясына қатыспақ. Елбасымыздың төрағалығымен өтетін кездесуде қоғамдағы достық, бірлік, толеранттылық жағдайы кезекті рет талқыланады.

  Сергей Бородин, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:
-Сессиядан кейін жұмысымыз жаңа қарқын алады деген ойдамын. Жалпы Елбасымыз халық арасындағы бірлікті сақтау, мәдениетті өркендету мақсатында осы күнге дейін дұрыс шешімдер қабылдап келді.

Республикалық сессияда қаламыздың атын ауыстыруға қатысты халық арасындағы дау-дамай мәселесі де көтерілетін болады.

Сергей Бородин, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:
 – Мен қаламыздағы соңғы жағдай жайында айтқым келеді. Қаламыздың атын ауыстыру туралы мәселе көтерілгенде  көп адамдар сары лентамен шықты. Ал этномәдени орталықтарының өкілдері бұл акцияны халық арасындағы араздық отын тұтатуға бағытталған әрекет деп отыр. Өздеріңізге белгілі болғандай,  қалалық халық қалаулылары ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының бұл ұсынысына “жоқ” деген болатын.

Республикалық кездесуден кейін қараша айында облыстық сессия өтеді.

Гүлден Сәрсенбаева