Билік

Қарттарды «Нұр Отан» ХДП мүшелері құттықтады

 

 

 

 
Нина Петрова нұротандықтардың үйіне келіп мерекемен құттықтап, сыйлық тарту еткендеріне қуанып қалды. Ұмыт қалдырмай, осылайша көңіл бөлгендері үшін ризамын дейді қария. Жерлесіміз саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, білім беру жүйесінде отыз бес жыл еңбек еткен.

  Нина Петрова, зейнеткер:
-Мен үшін осы күндері қос мереке. Ұстаздар мерекесімен мені жылда жиырма бес жыл еңбек еткен М.Жұмабаев атындағы колледж ұжымы келіп құттықтайды. Ешқашан ұмыт қалдырмайды. Үйіме келіп көмек көрсетеді. Бүгін міне нұротандықтар келіп сыйлық тарту етіп жатыр. Өте қуаныштымын.

Мереке күні азық-түлікке толы қоржындарға жалғызбасты барлық зейнеткерлер ие болады. Мария Злоедова да үйіне арнайы келген қонақтарды жылы жүзбен қарсы алды. Сексен екідегі қарияның жалғыз тұрып жатқанына жиырма жылдың жүзі. Аптасына екі-үш рет келетін әлеуметтік қызметкер Тамара Воропаеваны асыға күтіп отырамын дейді зейнеткер. Бүгін мереке күні нұротандықтардың келіп, сыйлық жасағанына қария балаша қуанып қалды .

 

Айымгүл Әбілева