Мәдениет

Гачинскийлердің жаңа көрмесі

 

 

 

 

Көрмеге Владимир Гачинский мен баласының жүзден астам еңбектері қойылды. Олардың негізгі бөлігі ағаштан жасалған. Қоршаған ортаның бар бояуын айқын көрсеткен туындылар келушілердің қызығушылығын оятты. Сондай-ақ әкелі- балалы Гачинскийлердің қыл қаламынан шыққан суреттер де айшықты орындарға жайғасыпты. Сәбиінің дүниеге келуін күтіп отырған ана , жастық пен кәрілікті бейнелейтін туындылар   көрген  жанды тамсантпай қоймайды.

 Жұлдызай Иманбекова , мұражай қызметкері:
-Бұл көрмені суретші, мүсінші, кескіндемеші Владимир Иванович Гачинский өзінің ұлы Владимирдің құрметіне ұйымдастырып отыр. Бұл көрмеде Владимир Иванович және Владимир Владимирович Гачинскийлердің туындылары көрсетілген.

Суретшінің «Күту», «Жалғыздық», «Шығыс әуені» еңбектері ағаштан дайындалған. Владимир Гачинский әрбір ағашта әйел затындай нәзіктік бар дейді.  

  Владимир Гачинский, мүсінші:
-Менің жаным әлі жас деп ойлаймын. Шығармашылық тұрғыда белгілі бір жоспарларым бар. Қазір Мағжан Жұмабаевтың портретін салу үстіндемін.

Владимир Иванович көрмені өмірден озып кеткен суретші ұлына арнап 4 жыл қатарынан өткізіп жүр. Дәстүрге айналған шараны тамашалауға оның туған-туысқандары, достары, әріптестері келген.

  Алтын Кәрімова, Қазақстан суретшілер академиясының өкілі:
-Бұл кісінің жұмыстары басқа суретшілердікіне ұқсамайды.Көп жұмыстары пастельмен, акварельмен, гуашьпен, майлы бояумен істелінген.

Жалпы Владимир Гачинскийдің еңбектері тек Қазақстанда ғана емес, шетел мұражайларында да танымал.

 

 Гүлнар Бекенова