ТКШ

Қазанның бірінен Петропавлда жылу беріле бастады

Қала тұрғындарын орталық жылу жүйесіне қосу кезең-кезеңімен жүргізілмек. Алдымен білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, одан кейін тұрғын үйлер жылумен қамтылады. Кезек күттірмейтін бұл жұмыс бүгіннен басталып кетті. Барлық жұмыстар 14 күннің ішінде аяқталуы тиіс.

  Антон Макаров, қала әкімінің орынбасары:
-Жылыту маусымына дайындық бойынша штаб жұмысын бұрынғыдай жалғастыра береді. Аяқ астынан туындап қалатын мәселелелер болса, біз күнде жиналып, оны лезде шешіп отырамыз.

Биыл қаладағы 1022 үйдің 902-сінің жылыту жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. 700 баспананың құбырлары шайылып, тексерілді. Енді дайындық жөніндегі төлқұжаттарды тапсыруға қатысты жұмыстар жүріп жатыр.

-Иесіз үйлерге қатысты айтар болсақ, 113 үйдің   42-не қатысты энергоорталықпен келісімшарт толтырылды. 14 үйдің мәселесі қаралып жатыр. Оларды жылумен қамту жұмыстарына да сол энергоорталық жауапты.

Бір сөзбен айтқанда, олар да жылудан қағылмайды. Ал дайындық жөніндегі төлқұжат алған тұрғын үйлердің 8-і жылуға қосылып үлгерді. Тұрғындар үшін бұл жалғыз жағымды жаңалық емес, биылдан бастап төлемақы  баспанаға жылу энергиясы берілген күннен бастап қана алынатын болады.   

Кәусар Аяпбергенқызы