Қоғам

Пресновкада Сергей Васильченко атында көше бар

 

 

 
 Сергей Васильченконың әкесі де ұзақ жылдар милицияда қызмет етті. Ал Сергейдің құқық қорғау саласындағы жұмысы екі жылдан аспады. Осыдан 15 жыл бұрын патрульдік жол қызметінің инспекторын ауыр жарақаттанып жатқан жерінен әріптестері тауып алады. 1995 жылы қыркүйектің 26-сы жас полицей қоғамдық тәртіпті қадағалауға кезекшілікке шыққан болатын. Өткен жылы Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының алдына қызметтік міндетін атқарып жүріп қаза тапқан полицейге арналған ескерткіш тақта орнатылды. Ал бұл жолы аудан орталығындағы үлкен көшелердің біріне Сергей Васильченконың есімі берілді.

  Арман Құтышев, Жамбыл АІІБ бастығы:

-Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі бастама көтеріп, селолық округ әкімінің қаулысымен Береговая көшесі Сергей Васильченко көшесі болып өзгертілді.

Илья Старчак, Жамбыл АІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы:

-Құрметті жерлестер, Береговая көшесінің 260 жылдық тарихы бар. Бұл көше осында тұратын адамдардың бәріне де қымбат, бірақ осында туып – өскен, өз халқы үшін өмірін берген жерлесіміз, біз үшін әрине қымбат.

Сергей Васильченко не бары 24 жаста еді. Жас қызметкер жерлестерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Өкініштісі, Сергейге қол салған адамдар табылған жоқ. Көшенің атауы жазылған бірінші тақта Сергей Васильченко туып- өскен үйге тағылды. Осы күні аудандық ішкі істер бөліміне қызметке келген жас тәртіп сақшылары салтанатты түрде ант қабылдады.
СҚО ІІД-де қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан 9 қызметкердің есімдері тіркелген. Петропавлдағы көшелердің біріне Юрий Медведьев есімі берілген. Явленка селосында Василий Малышевтың, ал Петровка селосында Анатолий Добрынин атындағы көшелер бар.
 

Әсем Сембина