Білім

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған алғашқы шағын орталық

 

 

 

 

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1мектеп- интернат жанынан ашылған «Аялы алақан» орталығында 40 бүлдіршін тәрбиеленеді. Олар тәжірибелі, білікті 9 маман мен 4 көмекші тәрбиешінің жіті бақылауында. 3 пен 7 жас аралығындағы балғындар орталықтағы уақыттарын барынша пайдалы өткізеді.

  Анар Нұрғожина,  директордың қазақ сыныптары бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Келген бетте балалар үйге үйреніп қалған, оған дейін балабақшаға бармаған, келгенде бірінші жұмада бейімделді. Қазір кешке дейін болады. Әке-шешелері қуанышты, біз де ризамыз.

Орталықта сенсорлық бөлме жабдықталған. Мұнда балалар күнде 15-25 минут бойы өз қалаулары бойынша еркін демалады. Жұмсақ төсеніштер, жарық шамдар мен тыныштандыратын музыка әр балаға түрліше әсер етеді.

Гүлнар Құрманғожина, психолог
ұл бөлмеде балалар демалады, өздерін жақсы сезінеді. Шарлар толтырылған  ваннада ойнайды. Қолдарына жаттығулар жасайды. Шамдардың астында жатып, миларын тынықтырады. Қолдарына, аяқтарына, бастарына, ми мүшелерінің жақсы істеуіне әсер етеді.

Арнайы психологиялық ем алатын сенсорлық бөлмеден басқа орталық тәрбиеленушілерін музыкаға баулу қарастырылған. Дене шынықтыруды да ұмытпайды. Ал логопед, дефектолог мамандар  әр баламен жекелей жұмыс істейді.

  Мәдина Ғаббасова, тәрбиеші:
 – Орталықта 4 топ бар. Олармен арнайы білімді мамандар жұмыс істейді. Біздің мақсатымыз осындай денсаулықтары шектеулі балаларды өз қатарларынан қалдырмай өмірге бейімдеу.

Туа біткен дертке шалдыққан сәбилерді «Аялы алақанның» қамқорына алу үшін республикалық бюджеттен 6 млн 972 мың теңге бөлінді. Орталық есебінен 2,5  млн теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізілді. Айрықша күтімге мұқтаж балалар мұнда күніне 4 рет тамақтанады. Ең бастысы бәрі тегін. Бұл үшін ата-аналардың алғысы шексіз.

Татьяна Михайлова:
азір олар үшін бір-бірімен араласып, қажетті мамандардың көмегін алып жатқаны маңызды. Біз тәрбиешілерге өте ризамыз. Олар үлкен жауапкершілікпен қарап, балаларды қамқорлықтарына бөлейді. Менің немерем осы орталыққа қуана-қуана келіп жүр.

 Кәусар Аяпбергенқызы