Билік

Үкіметтік емес ұйымдар ЕҚЫҰ-на төрағалық туралы

 

 

 

Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына бұрынғы кеңестік елдердің ішінде бірінші болып төрағалық етуде. Әлемдегі беделді ұйымның тізгінін ұстау  – еліміз үшін үлкен мәртебе. Дөңгелек үстелге жиналған үкіметтік емес  ұйымдардың өкілдері ұлтаралық достық пен татулық тақырыбындағы өз ойларын ортаға салды. Бұл тақырыпты жан-жақты зерттеп жүрген “Азаматтық бастамаларды дамыту институты” ҚБ  өкілдері семинарға жиналған кейінгі буын өкілдеріне Қазақстанның ЕҚЫҰ -на төрағалық етуінің маңызды тұстарын түсіндірді.
 

Әсемгүл Есқожа, “Азаматтық бастамаларды дамыту институты” ҚБ төрайымы:
-Бүгінгі таңда Қазақстан ОБСЕ-ге төрағалық етіп отыр. Бұл мәселе қоғамда өте өзекті. Біздің жиналып отырған себебіміз ОБСЕ маңыздылығын, ішкі және сыртқы саясатқа қандай әсер тигізетінін талқылау. Оны жастар мен ересектерге түсіндіру.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырған «Ақ ниет- Петропавл» ҚБ төрайымы Сауле Оразова да халықаралық ұйым туралы ойларын ортаға салды.

  Сәуле Оразова,  «Ақ ниет Петропав» ҚБ төрайымы:
-20 жыл бұрын Қазақстан туралы ешкім біле бермейтін. Енді іргелі ел болып, Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп жатырмыз. Біздің басты мақсатымыз – халыққа осы халықаралық ұйымның маңызын, мәнін түсіндіру болып табылады. Сол себепті бүгін семинар-кездесу өткізудеміз.

Мұндай іс-шаралар жыл соңына дейін жалғаспақ.

Гүлден Сәрсенбаева