Kurultai banner mobile

Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қазанның бірінен қарттарды қолдау жөнінде қайырымдылық айлығы басталды

 

 

 

 

Қыркүйектің 18-і күні өткен қайырымдылық сенбілігіне 139 мың адам қатысып, 68 миллион теңге жиналған болатын. Қаражаттың жартысы ұжымдарда қалса, қалған бөлігі ардагерлер кеңестерінің есепшоттарына аударылды. Сондай-ақ бір кездері еңбек еткен орындарынан байланысын үзген зейнеткерлер де назарда болады.

  Алма Махметова,  облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы:

-Кәсіпорындарымен байланыстарын үзген 14 мың адам бар. Ауылдық жерлерде мұндай зейнеткерлерді жұмыс істейтін кәсіпорындарға тіркейді. Ал қалалық зейнеткерлерге сенбіліктен түскен қаржыдан көмек көрсетіледі.

Қазанның 1-і  қарттар күніне орай зейнеткерлерге маршруттық автобустардан басқа қала ішінде  қатынайтын қоғамдық көліктерде жүру тегін болады деп хабарлайды Петропавл қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Құрметті демалысқа шыққан аға буын өкілдеріне бұндай сыйлықты жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар жасап отыр.