Денсаулық сақтау

Тұмауға қарсы дайындық басталды

 

 

 

Биылғы күздің басы жылы болғандықтан халық арасында вирустық ауруға шалдыққандар саны көп болған жоқ. Бұған қолайлы температураға қоса медицина қызметкерлерінің ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын іздеген әрекеттері мол септігін тигізді. Міндетті түрде егілетін вакциналар уақытымен жүргізіліп жатыр. Егулерге қатысты  олқылықтарды болдырмау қажеттігі семинар барысында баса айтылды.

  Юрий Пузиков,  санитарлықэпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары:
ұмау маусымы қарсаңында жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 11 833 вакцина дозасы сатып алынды. Былтыр пайда болған тұмаудың Н1N1 түрі биыл да қауіпті. Оған қарсы дайындық күшейтіліп жатыр. Әсіресе  қарт адамдар мен кішкентай балалар ерекше назарда.

Жыл сайынғы дәстүрлі семинар қалалық және аудандық медицина мекемелерінің қызметкерлерін жинады. Әңгіме әдеттегідей вирустық аурулар төңірегінде болғанымен, оның алдын алу мен емдеудің жаңа амалдары болуы мүмкін. Денсаулық сақшыларының жиыннан күтетіні де сол.

Сәбира Дайырова,  №3 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары:
еспираторлық инфекция мен грипп жүкті әйелдер мен балаларда, үлкендер арасында көп кездеседі. Сондықтан оларды қалай егу, қашан егу жайында семинарда көп нәрсе аламыз. Биылғы жылы біз қай жағына көп көңіл бөлуіміз керек. Соны айтады.

Қазанда күтілетін тұмауға қарсы жергілікті дәрігерлер француздық “Ваксигрипп” вакцинасымен қаруланыпты. Жалпы 2010 жылдың 15 қарашасына дейін тұмауға қарсы егу жұмыстары 60 жастан асқан қарттар мен денсаулығы нашар балалар арасында жасалып бітуі тиіс. Ал өз еркімен ақылы түрде ағзаның қорғаныш күшін күшейтемін  деушілерге жағдай жасалған. Өз денсаулығына бейқам қарамайтындар осыны ескергендері жөн.

 Кәусар Аяпбергенқызы