ТКШ

“Менің көрікті қалам” акциясы

 

 

 

 

Кошуков көшесіндегі 20-шы үйдің тұрғындары үшін қыркүйектің соңы қарбалас өтті. Жолаушы тасымалы және автомобиль жолдары басқармасына бекітілген аулада он күн бойы жұмыс қызу жүрді.

  Владимир Мурзаков,  ПИК төрағасы:

-Алдымен басқарма басшылығымен ауланың жоспарын сыздық. Автогрейдермен алаңқайды тегістеп, 10 КАМАЗ  құм төгілді.

Бұдан кейін спорт қондырғылары мен әткеншектер орнатылды. Енді аулада волейбол, баскетбол, теннис ойнауға болады. Ауланың  жаңаруына тұрғындардың өздері де аянбай үлес қосты.


  Мария Денисова:

Біздің ауланың жанында сырахана бар. Осы сыраханадан шыққандар біздің жаққа өтіп, түні бойы төбелесіп тынышымызды алатын. Екі араны бекітіп тастадық, енді олар бізге, біз оларға бармаймыз. Осындай әдемі ауламызды таза ұстауға тырысамыз.

Үйдің алдына асфальт төселіпті. Ал Жамбыл көшесіндегі “1 а” үйдің ауласында әткеншектер саны көбейді. Футбол алаңына бірнеше көлік құм жеткізіліпті. Білім басқармасының көмегімен тазаланған ауланың қызығын балалар көріп жатыр.

  Влад Павлов :

– Бұрын әткеншектер аз еді, қазір көп.
 Исмаил Синонов:

-Біз футболшылармыз. Бізге футбол алаңы ұнайды, барлығы әдемі.


Екі аптаның ішінде облыс орталығындағы көптеген аулалар әрленіп қалған. Бірақ  тазалап берген ауланы күтіп ұстау үшін де үлкен күш керек.

  Мағрипа Ысқақова:

-Акиматтан кісілер  келіп, үйдің сыртын да тазалап берді. Кейбір тұрғындар қоқыс жәшігіне апармайды, терезеден лақтырады.

Акция барысында облыс орталығының барлық аулаларын тазалап, көркейту жоспарланған.

 Әсем Сембина