Білім

1-ші қалалық гимназияның ашылғанына биыл 20 жыл

 

 

 

 

 

Бұрынғы № 35 физика-математикалық мектептің жақсы дәстүрлерін сақтай отырып, 1990 жылы өңіріміздегі ең алғашқы жаңа үлгідегі гимназия ашылған болатын. Қазір оқу орны лингвистикалық-гуманитарлық бағытта жұмыс істейді. Заманға сай жаңа үлгіде білім нәрінен сусындаған түлектер “АКСЕЛЕС”, ” Болашақ”, “Вермонт” тәжірибе алмасу бағдарламалары бойынша шетелдерде оқу гранттарын иеленген.

Ульяна Құлақпаева, 1-ші гимназия директорының орынбасары:
– Биылғы 9 түлек Ұлыбритания, Канада, Германия, Норвегия, Шведция, АҚШ, Ресей, Нидерландының беделді оқу орындарында тегін білім алып, Президенттің степендиясын алады. Асхат Бәкіров алғашқы іріктеуге ілініп , Назарбаев атындағы университеттің студенті атанды.

Неміс тілін жетік меңгергендігін растайтын дипломға қол жеткізген оқушы Германияның жоғарғы оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие. Оқушылардың ізденімпаздық қасиетін дамыту үшін ғылыми орталық жұмыс істейді.

 Әдия Исергепова, 1-ші гимназия оқушысы:
Сабақтарда олимпиадаларға дайындық жүргіземіз. Сонымен қатар ғылыми еңбектер жазамыз. Оларды түрлі конкурстарға,  мысалы,  Вернадский атындағы жасөспірімдер сайысына жібереміз.

Өткен жылы аталмыш гимназияның 4 оқушысының ғылыми зерттеулері халықаралық жас ғалымдар сайысында үздік атанды. Білім ордасында еңбек ететін  95 ұстаздың 52-сі жоғары санатты. Сабақтар интерактивті тақтаның көмегімен өтеді.  Мектепте мемлекеттік тілдің аясын кеңейтудеде тың жобалар жасалған. Мектеп ұжымы соңғы үш жылда тілдер фестивалінде жеңімпаз атанып келеді. ҰБТ түлектер қазақ тілінен жоғары ұпай жинайды.

 Шәрбән Қамалиева, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі:
-Мұғалімнің басты парызы –  сауатты түрде сабақ беру.
Соның ішінде балалардың тілін дамыту. Қазақстан еліне сүйіспеншілік ұялатып, қазақ елінің  азаматын тәрбиелеу. Менің кафедрамда 14 мұғалім бар. Оның бәрі осы бағытта көптеген жұмыс атқаруда.
 
Оқу ордасында тәрбиеленушілердің денсаулығына да көп көңіл бөлінеді. Бұл мақсатта түрлі спорттық үйірмелер жұмыс істейді

 Қадыржан Мұхамеджанов, 1-ші гимназия оқушысы:
Каратедан облыс, қала чемпионы болдым. Ақтау қаласына барып бірінші орын әкелдім. Карате маған ең алдымен зор денсаулық береді.

Шығармашылық дарынды ашуға бағытталған 10-нан астам үйірме жұмысына қатысуға болады.

 
 Жеңіс Ермұқанов