Әр түрлі

Салық төлемей жүргендер көбейді



 

 

Фискалды органның мамандары салығын уақытылы өтемейтіндердің қатары артып отыр дейді. Биылғы жылы облыста мұндай тізімді 1 426  кәсіпкер толтырған. Оларға есептелген айыппұлдың көлемі 356 миллион теңгені құрайды. Солардың ішінде 321-і  –  петропавлдықтар. Оларға  42 млн теңге айыппұл салынған.  

  Жібек Күлікова,  салық заңнамаларын түсіндіру бөлімінің бас маманы:
– Бюджетке салықты толық төлемеген немесе уақытында төлемеген жеке кәсіпкерлерге 14 130 теңге айыппұл салынады. Ал ірі кәсіпкерлерге 28 260 теңге айыппұл салынады.

ҚР Салық Кодексінің 62-бабына енгізілген өзгерістер жұмысты оңтайландырды дейді мамандар. Кәсіпкерлер салық бойынша берешектерін арнайы сайттан көріп отырады. Бұл бюджет алдындағы борышын уақытылы өтемей жүрген азматтарға да ой салады.

  Жібек Күлікова,  салық заңнамаларын түсіндіру бөлімінің бас маманы:
-Салығын уақытында төлемеген тұлғалардың тізімі БАҚ-да жарияланады.Салық департаментінің сайтында берешегі бар салық төлеушілердің тізімдері орналасады.

Бұрынғы Салық кодексінің талаптары салықты 3 айда бір рет төлеуге мүмкіндік берсе, заңнамаға кейін енгізілген өзгертулер аталған мерзімді бір айға дейін қысқартты.

Айдана Серғазықызы