ТКШ

“Таза қала” акциясы жалғасуда



 

 

“Таза қала” акциясының аясында студенттерден құралған құрылыс жасақтары қаланың біршама аумағын көріктендіріп үлгерді. Бұл жолы қызу жұмыс Борки поселкесінде жүріп жатыр. Жаз айларында құрылыс жұмыстарының бел ортасында болған студенттер  енді жас көшеттерді отырғызып жатыр. Қаланың тазалығына үздіксіз үлесін қосып жүрген белсенді жастың бірі –  Өмірсерік Қасымов.
 

Өмірсерік Қасымов,  СҚО кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті:
-2010 жылы студенттер жасақтары жаз бойы құрылыс жасады. Қазір осы колледждің алдын көгалдандырып, әр сенбі сайын сенбілік жасаймыз. Осы қала көгалданып, көркейе берсін.

Борки поселкесіндегі кәсіптік-педагогикалық колледж маңында бүгін 200-ге жуық студент күрек пен тырнауыш ұстап, көңіл қуантарлық жұмысты тындырды. Ал олар еккен   жас көшеттер ертеңгі күні сұлу ақ қайыңдарға айналып, тұрғындарға сая болады.

  Жәнібек Әлкин,  СҚО бойынша студенттік құрылыс жасақтарының жетекшісі:
-Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері жазғы құрылыс жұмыстарына үнемі белсене араласады. Қазір маусымның соңында олар қаланы тазартып, көгалдандыруға қатысып жатыр.

Жастар мұндай сенбілікке апта сайын шығады. Акцияның соңына дейін олар 500 тал қайың егуді жоспарлапты.
 

Кәусар Аяпбергенқызы