ТКШ

Бензостройда аулаларды су басып жатыр



 

Бензострой кентінің Москва көшесіндегі 4 үйді қора-қопсысымен бірге су басып кеткен. Ең алдымен жертөлелер лайланған. Кейін су аулаға дендей бастапты. Тұрғындар       апаттық қызмет көрсету орталықтарына, соның ішінде “Петропавл Су” кәсіпорнына телефон шалған.

  Сәуле Сыздықова:
-Біз әкімшілікке де бардық. Алайда ешкім көмектеспей отыр. Осы қиындыққа көктем мезгілінде тап болдық.

Бар гәп мынада болып шықты – көше бойындағы жазғы құбыр жарылып қалған. Сушылар жапа шегушілердің шақыруымен осы мекен-жайға 3-ші мәрте келіп, құдыққа толған лайды сорғызып алған. Алайда, бұл әрекеттен нәтиже шығар емес. Жұмысшылар қалыптасқан жағдайға тұрғындар да кінәлі деп отыр. Себебі құбыр көптен күтім көрмесе керек. Балшық пен қоқысқа толып қалған құдық астындағы кранды жөндеу үшін қоқысты әлі біраз аршу керек.

Жұмысшы:

-Бізге әлі жарты метр қазу қажет. Мұнда саз белден асады. Әрине, біз суды тоқтатамыз. Дегенмен, тұрғындар мұндай жауапсыздықтарын жалғастыратын болса, оларға ешкім де көмектесе алмайды.

Айта кету керек,  құбыр жеке секторда орналасқандықтан оған аймақ тұрғындарының өздері жауапты. Сондықтан баспанаға келтірілген залал да өтелмейді.

Гүлден Сәрсенбаева