Спорт

Александр Винокуров туралы фильм

 

 

 

 

Питер Берманның режиссерлығымен түсірілген биылғы фильм Александр Винокуровтың өмірбаяны жайлы әлдеқайда кеңірек  сипаттайды. Туындының тұсауы Алматыда кесіліп, қалың жұртшылықтың оң бағасына ие болып үлгерген. Деректі фильм бас кейіпкердің де көңілінен шыққан.

Александр Винокуров,  велошабандоз :
-Питер Берман фильмді жақсы түсірген. 1997 жылғы велоспорттағы балалық бастамамнан бастап, 2010 жылғы өміріме бірден көшеді. Бұл туынды тек мен туралы ғана емес, құрама мүшелері жайлы. Аз-маз отбасыма да қатысты сюжеттер бар.

 Қазақстан мектеп оқушылары арасындағы велосайыс  – болашақ әйгілі велошабандоздың үлкен спорттағы алғашқы қадамы еді.Жарыс жолына бірінші рет 14 жасында шыққан бозбала ескі велосипед мінсе де, өжеттілігінің  арқасында   алғашқы жеңіс кубогына ие болып, көзге түседі. Сол сәттен бастап Қазақстанның юниорлар құрамасына алынып, шеберлігін кәсіби деңгейде шыңдай бастайды.  2007 жылы Александр Тур де Франс жарысының  фавориттерінің  бірі болып еді. Бірақ Винокуров ол жарыста қатты жарақат алады. Дегенмен, оған мұндай оқыс жағдай  кедергі келтіре алмады. Александр аяқ-қолын  дәкемен орап, келесі этапқа қатысады. Алайда оны  француз допинг тексерушілері қан ауыстырды деп айыптап, команданы түгелдей жарыстан қуып, жерлесімізді екі жылға үлкен спорттан аластатады. Жасуды білмейтін Александр 2009 жылы үлкен спортқа қайта оралып, халықты дүр сілкіндірді. «Астана» құрамына қайта келген Александр  қазақстандықтарға кезекті жеңістерін сыйлауда.  Винокуровтың  елімізде  велоспорттың дамуына қосқан үлесі зор. Бүгінгі таңда өңірімізде бозбалалар арасында веложарыс жақсы қарқын алып келеді. Белгілі спортшының өнеріне табынушы жастар арасында ағаларының жолын қайталаймын дейтіндері  баршылық.
 

Көрермендер:

-Винокуровты көруге келдім. Мен өзім де веложарысқа қатысамын.
-Мен үшін А. Винокуров  – үлкен үлгі. Болашақта әйгілі шабандоздың жолын қуғым келеді.

Деректі фильмнен соң кинотеатрға жиналған қауым спортшының қолтаңбасын алып, фильмнің басты кейіпкерімен естелік фотосуретке түсті.

Гүлден Сәрсенбаева