Балалар

Жастар өз қаласын көркейтуге үлес қосуда

 

«Жас Отан» ЖҚ, студенттік құрылыс жасақтары, «Студенттер альянсы», «Жасыл ел» өкілдері қалалық колледждер студенттерімен бірге «Қарасай» стадионы маңындағы шағын саябақта тазалық жұмыстарын бастағалы бірнеше күн болған. Өйткені қала ортасындағы бұл шағын бақ  қоқыстан аяқ алып жүргісіз жағдайда. «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының атқарушы хатшысы Самат Жәкеновтың айтуынша, жастар өз еріктерімен  сенбілікке шыққан. Мұнда күн сайын 100 шақты қыз-жігіттер екі ауысымда еңбек етіп жатыр.  Айдың аяғына дейін шағын бақты толық тазартып шығамыз дейді жастар.