Әр түрлі

Ақпараттық-насихат тобы Киров атындағы завод және СҚМУ-де болды

 

 

 

 

 Отандық телеарналарды ақпараттық кеңістікте бәсекеге қабілетті етудің бірден бір жолы сандық телевидениеге көшу. Хабар беруді тиімді етіп, аясын кеңейту мақсатында қолға алынған жобаның іске асуына өңіріміздің Киров атындағы зауыты да үлесін қосып жатыр. Кәсіпорын конструкторлары ойлап тапқан сандық телехабар тарату құрылғысы   шалғайдағы ауыл тұрғындарына Қазақстанның негізгі арналарын көруге мүмкіндік бермек.

-Сапасының әлдеқайда жоғары екендігін сырт көзбен де байқау қиын емес. Мәтіні мемлекеттік тілге аударылған. Ғаламтор тартып, ЮЗБИ сымдарын қосуға болады. Компьютердің пернетақтасы мен тышқанын қосу арқылы интернет серверлерде  жұмыс істеу де қарастырылған.

  Фархад Қуанғанов, облыс әкімінің орынбасары:
– Облысымызда 375 мың 407 антенна орнатылған. Оның 124 мыңы спутниктік. 10 мыңы Ресей мен еліміздің өзге арналарын қабылдауға бағытталған.

Отандық қабылдағыштың қуаттылығы 100 ватт. Бұл негізгі антенналардан  40 шақырым аралықтағы ауылдарды сандық телевизиямен қамтамасыз етеді.

  Нұрай Оразов, ҚР байланыс және ақпарат вице-министрі:
-Бұл құрылғы менің көңілімді жаулай алды. Мен міндетті түрде жоғарыға бұл жаңашылдықтың мүмкіндіктерін жеткіземін. Жоғары сапалы отандық өнім барда сырттан әкелудің қажеті жоқ шығар.

Ендігі бір мәселе – сандық телевидениенің форматын таңдау. Әзірге  көңілге қонған ДВДТ 2 форматының өзгелеріне қарағанда сыйымдылығы екі есе артық, сапасы да жоғары. Алайда бағасы қымбатырақ. Барлығының қалтасы көтере бермейді.

  Нұрай Оразов, ҚР байланыс және ақпарат вице-министрі:
-Біз сандық телевидение тарату құрылғыларын өндірушілерге 300 мың данаға мемлекеттік тапсырыс бермекпіз. Бұл аз қамтылған отандастарымыздың сұранысын жабуға жеткілікті. 2015 жылға дейін сандық телеарнаға 100 пайыз көшуіміз қажет. Қазір бәрі заңды жүргізілу үшін арнайы заңнамалар жиынтығы жасалып жатыр.

Бұл жоба ел көлемінде жүзеге асса, зауыт тұрғындарды арнайы сигналдарды қабылдайтын құрылғылармен толық қамтамасыз етуге дайын.
Елбасы жолдауы бойынша  ақпараттық -насихат тобының өкілдері М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары  және студенттерімен кездесті. Қай елдің болмасын жарқын болашағы –  білімді де жігерлі жастар. Президент соңғы Жолдауында жоғары білім сапасы халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс, әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылу керек деп баса айтты. Студенттер мен оқытушылар меймандарға осы ретте оқу орнында жасалып жатқан игі істер туралы әңгімеледі.  

Жеңіс Ермұқанов